Есіл ауданындағы Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде “Еңбек адамы - ел мақтанышы” атты іс - шара өтті. Аталмыш жиын «Жұмысшы мамандықтары» жылы аясында ұйымдастырылды. Оған аудан әкімі, еңбек ардагерлері және студенттер қатысты.

Ел экономикасының тірегі - білікті жұмысшы мамандар. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауларында кәсіби-техникалық білім беруді дамытудың маңыздылығына ерекше атап көрсеткен болатын. Бұл бағыттағы мемлекеттік қолдау мен жаңа бастамалар жастардың жұмысшы кәсіптеріне деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.

СНХ: МЕРЕКЕ МҰХАМЕДИЯРОВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


“Еңбек адамы - ел мақтанышы” атты жиынның басты қонақтары - ауданның еңбек ардагерлері болды. Оларға ерекше құрмет көрсетіліп, арнайы әндер шырқалды.

СНХ: АНАТОЛИЙ КАРАБЕЛЬНИКОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Жиын соңында ардагерлерге төсбелгілер табысталды. Ал өскелең ұрпақ аға буын өкілдеріне өз алғыстарын білдіріп, ұзақ ғұмыр тіледі.

Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі бүгінде заманауи білім беру технологияларын қолдану арқылы ауыл шаруашылығы саласына қажетті білікті кадрлар дайындайтын бірден-бір оқу орны. Түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие.

СНХ: БЕЙІМБЕТ БҰҒАСОВ – Ж. ҚИЗАТОВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


«Жас маман» бағдарламасы аясында материалдық-техникалық база қайта жаңғыртылып, республикалық бюджет есебінен 321 млн теңге қаржы бөлінді. Жалпы, бүгінгі таңда колледжде 610 студент білім алады. Оның 75 пайызы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды.