Қаламызда полиция департаменті оқушылар арасында есірткіге қарсы алдын алу іс-шарасын ұйымдастырды. Мақсат — жастарды құқықбұзушылықтан қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жастар арасында есірткіге қатысты құқықбұзушылықтар жиілеп барады. Бұл – қоғам үшін өзекті мәселе. Осыған орай полиция департаменті мамандары бұл жолы жасөспірімдермен бетпе – бет жүздесіп оларға жеңіл жолмен ақша табудың соңы немен аяқталатындығын түсіндірді.
СНХР: СОФИЯ ЩЕРБИНИНА, «БІРІНШІ ГИМНАЗИЯ» КММ ОҚУШЫСЫ
Іс-шара барысында оқушыларға қаланың әр бұрышында бейнебақылау камералары орнатылғаны, қандай да бір құқыққа қайшы әрекет тіркелсе, бұл жазадан құтылмайтыны туралы ескертілді. Заң алдында бәрі бірдей, сондықтан ешкім де ешқашан да жауапкершіліктен жалтара алмайды.
СНХР: РУСЛАН ҮМБЕТОВ, СҚО ПД ЕСІРТКІ-БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫ
Полицейлер, кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен жасалатын құқықбұзушылықтарға бірінші кезекте ата – аналар жауапты екендігін атап көрсетті. Өз кезегінде оқушылар полицейлерге көкейлеріндегі сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.