Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Ескендір Дәуітов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінде іс-шара өтті. Жиынды қалалық ардагерлер кеңесі мен халық партиясы ұйымдастырған. Мақсаты-жастар арасында осы атаулы күнді кеңінен насихаттау.
Биыл Ұлы Отан соғысының 80-жылдығы аталып өтіледі. 2025-жылы бұл іс-шара ең бірінші Ұлы Отан соғының батыры Ескендір Дәуітов атындағы коледжде бастау алды. Жиналған студенттерге «Кеңес одағының батыры» жайлы ақпараттар айтылды.
Ескендір Дәуітов 1943 жылдың мамырынан бастап 58-ші гвардиялық кавалериялық полкінің пулеметшісі және батыр жауынгердің бірі болған. 1944 жылы 15 қаңтарда қайтыс болған. Кейін Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталған.
Іс-шара Ұлы Жеңістің мәні мен маңызын, студент жастардың бойына сіңіру мақсатында өтті. Және өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке, батырлыққа тәрбиелеу, ерлікке тағзым етуге шақыру.