Петропавлда волейболдан ҚР 33 чемпионатының 3 туры аяқталды. Қорытынды матчта "Қуаныш" волейбол клубы мен Павлодарлық "Ертіс" командасы кездесті. Ойын 3:0 есебімен солтүстікқазақстандықтардың пайдасына шешілді.

12-20 қаңтар аралығында волейболдан әйелдер командалары арасында ҚР 33 чемпионатының 3 туры өтті. Оған барлығы 10 команда қатысты. Турнирдің соңғы күнінде чемпионаттың фавориттері бірінші орынға шықты.

 АЗАМАТ ЕСІМОВ - "ҚУАНЫШ" ВК БАС БАПКЕРІ:

- Бұл тур 7 ойын күнінен құралған. Бүгінгі ойынның негізгі қарсыластары - "Жетісу" және "Берел" командалары. Келесі турда Талдықорғандық "Берелмен" соңғы кездесу болады. Ойын қызықты әрі тартысты өтіп жатыр.

Ойынның соңғы турында "Қуаныш" ВК "Ертіспен"кездесті. Аяулым Тұрдыханова бір жыл бұрын жергілікті клуб құрамына қосылды.

АЯУЛЫМ ТҰРДЫХАНОВА; "ҚУАНЫШ" ВК ШАБУЫЛШЫСЫ:

- Біз бүгін «Ертіс командасымиен ойгнаймыз. Осыған дейін 2 турда Ертісті жеңіп келгенбіз. Бүгінде жеңеміз деген ойдамыз. Осы турда біз барлық командаларды жеңдік. Тек қана Жетісу командасынан жеңіліс алдық. Бірақ осы Талдықорғанға барғанда жеңеміз деген ойдамыз. Бүгін соңғы жарыс күні. Бұйырста жеңіспен аяқтап Талдықорғанда бүкіл ойындарды жеңеміз деген ойдамын. 

Айта кетейік, үш кезеңнің қорытындысы бойынша "Қуаныш" ВК Павлодарлық қарсыластарын 3:0 есебімен жеңді. Осылайша, команда турнир кестесінде 3-орынға тұрақтап, сондай-ақ чемпионаттың 4-турына өтті