Кәсібі қауіпті болғанымен жұмысына жауапты жандар нағыз құрметке лайықты мамандар. Петропавлдағы сумен жабдықтау мекемесінің жұмысшылары жылу желілерінде апат болған жағдайда күн демей, түн демей жұмыс істейді.

Көшкенбай Ыбыраев еңбекке 17 жасынан бері араласқан. Қай жерде қандай жұмыс болса ерінбей істей беретінбіз дейді. Ал қазіргі жұмысында жүргеніне де 10 жылдан асқан.

КӨШКЕНБАЙ ЫБЫРАЕВ, СЛЕСАРЬ:

- Осы горводоканалға 12 ші жылы жұмысқа кірдім. Содан бері істеп келе жатырмын. Пенсияға да жақындап қалдық ақырын. 00/22 --++-- 00/38 Мына құбырлар жарылса құбырларды восстанавить етеміз. Ескі құбырларды жаңаға айырбастаймыз. Көірп тұрсыздар Жұмабай көшесінде авария болып, тәулік бйоы соны істеп, суды жібердік енді.

Жұмыс орнының белді маманы еңбектің қырманын қыздырып, қашан да қызу жұмыстың ортасында жүреді. Мұндағы қай қызметкердің де қолдары әсте босамайды. Түнде де апатты жағдай болса, кезекшілер қызметте.

КӨШКЕНБАЙ ЫБЫРАЕВ СЛЕСАРЬ:

-Таңертең 9 дан кешкі 6 ға дейін. 8 сағат жұмысымыз. Жұмысым ұнайды. Істеп келе жатырмыз. Біз енді жұмыстан қорқатын адам емеспіз. Бізде жұмыста сменный бригадалар бар. Солар жұмыс істейді. күштері жетпесе біздерді де шақырады.

«Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 450-ге жуық адам еңбек етеді. Әлде де маман тапшы. Қазір жастар жұмысқа келсе, зейнетке кеткенше жұмыстың қыр сырын үйретер едік дейді кейіпкеріміз.