Солтүстік Қазақстан облысындағы Ислам мәдениеті музейінде бірегей экспонаттар сақталған. Солардың қатарында археологиялық қазбалар кезінде «Қызыл оба» қорымынан табылған көне жәдігерлер бар. 

XVII ғасырдан сақталған көне ғимарат Ислам мәдениеті музейі ретінде ашылған. Бұл жерде тарихи деректер, құжаттар және басқа да құнды жәдігерлер сақталған. Музей келушілерді ислам діні туралы жалпы түсініктермен таныстырып қана қоймай, оны әлемдік дін ретінде ұғынуға мүмкіндік береді. Музейдің ерекшелігі – оның қабырғалары қыштан жасалған кірпіштерден тұрғызылған. Бұл ғимараттың тарихи құндылығын одан әрі арттыра түседі.

МҰРАТ ӘМІРЖАНОВ, ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Мына, өздеріңіз көріп тұрғандай, бұл қабырғалар сол замандағы кірпіштерден тұрғызылған. Оларға шамамен 200 жыл болған деп есептеледі. Дегенмен, олардың нақты қай жылы жасалғанын айту қиын. Бірақ бұл кірпіштерді 17 ғасырдағы, яғни Алтын Орда дәуіріндегі деп айтуға негіз бар. Ғимаратты мұражай ретінде қалпына келтірген кезде бұл кірпіштер әдейі ашық күйінде сақталған.

«Қызыл оба» кесенесі – Алтын Орда дәуірінің бірегей сәулет ескерткіші. Уәлиханов ауданының аумағында орын тепкен бұл археологиялық ескерткіш 2019 жылы ашылған. Бұл қасиетті мекеннен құмыра, айна, сырғалар мен араб жазуы бастырылған тиындар табылған. Бүгінде бұл баға жетпес жәдігерлер Ислам мәдениеті музейінде сақталған.

МҰРАТ ӘМІРЖАНОВ, ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің қазіргі Ислам мәдениеті орталығында Қызыл оба, яғни 17 ғасырдағы Алтын Орда дәуіріне тиесілі жәдігерлер табылды. Олардың ішінде құмыра да бар. Оның ішінде қыздардың айнасы, тағатын сырғалары және қазақтың көне тиындары табылған. Тиындардың арасында араб жазулары бар нұсқалар да кездеседі.

Музейге келген әрбір адам ислам мәдениетінің бай мұрасымен таныса алады. Дүйсенбіден басқа жұмыс күндері мұражай есігі келем деушілер үшін айқара ашық.