Облыстық филиалдың жол активтері сапасын бақылау ұлттық орталығы 2024 жылғы жұмыс нәтижелерімен бөлісті. Облыс бойынша 194 жөндеу нысаны бақылауға алынып, инпекторлар 705 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 280 ақау мен бұзушылық анықталды, соның 191қазіргі уақытта жойылды.
Сонымен қатар, жол-құрылыс материалдарынан шамамен 2,5 мың сынама алынған, олардың үштен бірі нормативті- техикалық құжаттамаларға сәйкес келмейді. Олардың ішінде суға қанығу, тығыздау коэффиценті, құрамы, қысуға төзімділік шегі бар. Облыстық автожолдар бойынша сәйкессіздік көрсеткіші 23%, аудандық жолдар бойынша - 33%,елді мекендердің көшелері бойынша - 46%, республикалық автожолдар бойынша - 18% болды. Ақаулар биылғы жылы түзетіледі.