Таза қала сенен басталады. Осындай атаумен С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебаб-ғылыми кітапханасында жастар арасында интеллектуалды ойын өтті. Бұл іс-шара Таза-Қазақстан бағдарламасы аясында өтіп жатыр. 30-ға жуық колледж студенттері қатысты.

Интелектуалдық ойын сұрақ жауап түрінде өтті. Ең алдымен қатысушылар 2 командаға бөлінді. Кейін экранда көрстілген ұяшықтарды таңдап қызықты сұрақтарға жауап берді.

ЖҰЛДЫЗ ТОҚТАРҒАЗЫ, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:

- Мақсаты жастардың бойындағы табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті, тазалыққа деген әдет қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден танымдық, екіншіден тәрбиелік мәні зор. Үшіншіден әртүрлі білмеген сұрағына жауап алатын акция болғалы тұр. Бұл сұрақ- жауап түрінде өтеді. Себебі интеллектуалдық ойын.