Елде эпидемиологиялық маусым басталғалы бері ЖРВИ-дің 44 347 жағдайы тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 18%-ға төмендеген. Науқастардың 66%-ы, нақтырақ айтқанда 29 521-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде өткен брифингіде айтылды.
Соңғы аптада облыс бойынша ЖРВИ-ның 2 155 жағдайы тіркелді. Өткен аптамен салыстырғанда өсім 3%-ға артқаны байқалады. Сондай-ақ, облыста тұмауға жатпайтын вирустар таралуда. Мысалы, 22 адамнан риновирус, 16 адамнан аденовирустар,12 адамнан парагрипп анықталса,бокавирус бойынша 3 жағдай,метапневмовирус бойынша 2 жағдай тіркелген. Жаңа эпидемиологиялық маусымда тұмаудың 56 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 51-і А типті болса, 5-еуі Б типті жағдай. Тұмаумен ауырғандардың ішінен 22-сі 14 жасқа дейінгі балалар арасында, 5-уі жүкті әйелдер арасында анықталды. Науқастар тұмауға қарсы екпе алмаған.
ГҮЛИДА ДЖАКЕЕВА, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
- Маусымдық тұмаудың белгілері – температураның кенеттен пайда болуы, жөтел, мұрын ағуы және бұлшықет пен буын ауруы. Қазіргі уақытта тұмаудың алдын алуының тиімді тәсілдерінің бірі – вакцинация. облыста тұмауға қарсы 1-ші қазаннан бастап 31-ші қазанға дейін 60 мың адам «Гриппол плюс» вакцинасымен егілді.