42 жастағы қала тұрғынын қорқытып, 1 миллион теңге ақша бопсалаған үш петропавлдыққа шығарылған үкім 8 қаңтар күні заңды күшіне енді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткен жылдың көктемінде қылмысты ашты. Полиция қызметкерлері 29 жастағы екі петропавлдықты және бұрын бұзақылық пен тонау үшін істі болған олардың 31 жастағы таныстарын ұстады.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, жәбірленушіні қаскөйлердің бірі таңдаған. Өйткені бір кездері олардың араларында дау-жанжал болған. Қылмыскерлер жәбірленуші ер адамнан ақшаны ең бірінші рет наурыз айында соққының астына алып талап еткен. Кейін сәуір айында оның автокөлігін шина жинақтау пунктінде байқап қалып, тағы да ақша сұраған. Ер адам қашып құтылмақ болғанда, олар соңынан қуып, қылмыскерлердің бірі оған газды тапаншадан бірнеше рет оқ атқан. Сот үшеуін де қару қолдану арқылы қорқыту және бұзақылық жасағаны үшін оларды кінәлі деп таныды. Сот олардың әрқайсысын 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.