Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқына Жолдауында су шаруашылығының, құрылысшылардың, энергетиктердің және басқа да көптеген мамандардың жетіспеушілігін азайту керектігін атап өтті. Сонымен қатар, болашақ мамандарды даярлау жөнінде де сөз қозғалды.

Кәсіптік-техникалық білім беруді реформалау экономикалық өсуді және оның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету тұрғысынан абсолютті маңызды болып отыр. Аз уақыт ішінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау қажет. «Жұмысшы мамандықтары жылы» қоғамымызда қажырлы еңбек пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге де септігін тигізеді», - деді Мемлекет басшысы.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандығын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз.

Солтүстік Қазақстан облысында да бірқатар салада мамандар тапшы. Мәселен, инженерлер, дәнекерлеушілер, жүргізушілер және басқалары. Кәсіпорындарға жас әрі білікті мамандар қажет.

ГЕННАДИЙ ЗЕНЧЕНКО, «ЗЕНЧЕНКО И К» КС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Жоғары оқу орындарында 90 пайызға жақын квота бөлінеді. Қазір мамандар көп, дегенмен жұмысшы мамандар аз болып отыр. Еңбекқорлықты мектеп кезінен бастап насихаттаған жөн. Сонда ғана жұмысшы мамандықтарының өкілдері көп болады.

«С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ директоры Алмас Нұрмағамбетов кәсіпорында жыл сайын өнім көлемі артып, соған сәйкес кадр қажеттілігі де артып отырғанын айтты. Мұнда мамандардың жалақысы 200 мың теңгеден басталады.

АЛМАС НҰРМАҒАМБЕТОВ, «С.М. КИРОВ АТЫНДАҒЫ МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫ» АҚ ДИРЕКТОРЫ:

- Мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан үлкен көңіл бөлініп жатқаны бізді қатты қуантады. Бұл жұмысшы мамандықтарды дайындауға қатысты өзекті мәселені шешуге көмектеседі деп ойлаймын. Субсидиялар да бөлінеді. Біздің зауытта жас мамандар тапшы.

Техникалық мамандықтар бойынша даярлайтын оқу орындарына келетін болсақ, Петропавл машина жасау және көлік колледжін жыл сайын 260-қа жуық адам бітіреді. Бұл энергетика, машина жасау, темір жол және автомобиль көлігі салаларына қажет мамандар. Колледж директорының айтуынша, мекеме қалалық жұмыс берушілердің сұранысы негізінде кәсіби мамандарды дайындайды.

АНАТОЛИЙ ФУРМАНЮК, Б.ӘШІМОВ АТЫНДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ МАШИНА ЖАСАУ ЖӘНЕ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

- Жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінетін қаражат екі есеге артады. Бұл өз кезегінде білім саласына оң септігін тигізеді деген ойдамын. Біздің колледжде жұмысшы мамандықтарына оқитын студенттер дуалды оқыту жүйесі арқылы қажетті тәжірибені кәсіпорындардан алады. Оның ішінде студенттердің 80-85 пайызына сол жерде еңбекақы да төленеді.

Е. Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжінде 400-ден астам студент білім алады. Биыл 200-ге жуық адам сертификаты бар маман атанады. 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі орта есеппен 912 мың теңгеге дейін өседі. Бұл екі есеге көп.

АЛТЫНАЙ ӘСКЕРОВА, Е. ДАУТОВ АТЫНДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Солтүстік Қазақстан облысы бар техникалық және кәсіптік білім жүйесін қабылдап, қолдап жатыр. Біздің оқу ордамыз жақсы бастамалармен кіріп жатыр. Өндірістік оқу лабораториялар ашылып, жаңа жатақханалар студенттерге беріліп жатыр. Әрі қарай осы жылы жақсы өзгерістер болады деген сенімдеміз.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, адал, қажырлы еңбек арқылы жетістікке жеткен адамдар әрқашан құрметке бөленуі қажет. Қазіргі уақытта Үкімет елге 23 танымал шетелдік университеттерді тарта отырып, жоғары білімді кеңінен насихаттап отыр.