Былтыр жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын және көше-жол желісін жөндеуге 52,6 млрд теңге бөлінді. Бұл салаға мұндай қомақты сома алғаш рет жұмсалды. Нәтижесінде 794 шақырым, оның ішінде 630 км - жергілікті маңызы бар және 163 км көше-жол желісі жөнге келтірілді. Осының арқасында жергілікті маңызы бар жолдардың 84 пайызы нормаға сәйкестендірілді. Жалпы, 2026 жылға қарай жергілікті желідегі стандартты жағдайдағы жолдардың үлесін 95%-ға дейін жеткізу жоспарланған. Биыл жергілікті маңызы бар жолдарды және көше-жол желісін жөндеуге 34,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражатпен жергілікті маңызы бар 600 шақырым және 100 шақырымнан астам көше-жол желісін қамту жоспарланған.