Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері өңірдің үш тірек мектебіне барып қайтты. "Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасының аясында мектептерге білім беру саласын тұрақты дамыту қорының есебінен су жаңа кабинеттер ашылған болатын. Әріптесім толықтырсын.

Петропавл Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтары биылғы жылы "ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасына қатысқан өңірдің үш тірек мектебіне барды. Сапар барысында олар жабдықты сабақтарда пайдалану мүмкіндіктерін көрсетті.

ДАНИЯР УӘЛИЕВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- 2 аптаның көлемінде біз облысымыздағы 3 тірек мектептебіне барып қайттық. Ол жерде біз семинар және мастер класстар апардық. Көбінесе бұл осы мектептердің сұранысы бойынша жүргізілді. Жалпы барлық мектептер Lesson Study жүргізу, және де бізде жаңа берілген құралдармен жұмыс жасау бойынша мастер класстар өткізілді. Біздің мамандарымыз осы мектептерге келіп өз тәжірбиесімен бөлісті. 

Біздің СҚО жалпы 8 тірек мектеп бар. Оның 3 биыл қосылған болатын. бұл тірек мектептерге Қазақстан Халқы қоры қаражат бөліп, материалдық-техникалық жаңартқан болатын. және де осы проекттен кейін НЗМ методикалық көмек көрсету үшін өз жұмысын жүргізіп жатыр./

Бұдан бөлек мұғалімдер үшін критериалды бағалау, цифрлық сауаттылық және тәрбие жұмысы бойынша біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.

ДӘУЛЕТ ТАЛАСПАЙ, К. САЛЫҚОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ:

- Осы жаңа құрылғылар келе бастаған кезден қуаныштымыз. Және оқушыларымыз жаңа белестерден көрінеді деген үміттеміз. НЗМ-нен жақсы мамандар келіп жатыр. Бізге барлығын түсіндіріп, үйретіп жатыр. Көптен коп рахмет. Оқушыларымыз енді жаңа белестерден көрінеді деген үміттеміз.

Бүгінгі таңда Назарбаев Зияткерлік мектебі облыстың сегіз тірек мектебіне әдістемелік қолдау көрсетіп келеді. Жобаның басты мақсаты-ауылдық және қалалық мектептер арасындағы білім алшақтығын азайту.