Петропавлда «ЗАКЛАДЧИКИ. РАСПЛАТА» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІнің жабық көрсетілімі өтті. Бұл - қоғамның дертіне айналған нашақорлық туралы туынды. Облыстық полиция департаментінің және журналист Зәкіржан Мамлютовтың бастамасымен түсірілген деректі фильмнің тұсаукесері Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ-сазды драма театрында өтті.
Фильм 47 минутке шақталған. Бірақ, туындының айтары мол, берері көп дейді жоба авторы Зәкіржан Мамлютов. Фильмде қазіргі қоғамдағы трагедия, яғни жастар арасында белең алған есірткі мен жеңіл ақша мәселесі ашық көрсетілген.
ЗӘКІРЖАН МАМЛЮТОВ, ФИЛЬМНІҢ АВТОРЫ:
- Закладчики. Расплата» фильмнің атауынан ақ бірден есірткі тарату, заң бұзушылық туралы екенін түсінуге болады. Бірақ, туындыны көрген әрбір адам өзінше бір терең ой түйеді. Есірткі сатушылардың көбі жастар. Олар бұның қылмыс екенін және түптің түбінде өздері зардап шегетініне мән бермей, енді жастық өмірін қамауда өткізіп жатыр.
Фильмде жеңіл жолмен ақша таппақ болып, қазір 10 және одан да көп жылға бас бостандығынан айырылған жастардың сұхбаттары бар.
ЖАНГЕЛДІ ӘБЕНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
- Бұл фильм жеңіл табыс табу жолы мен ауыр зардапқа тап болған жастардың тағдыры туралы. Қызмет атқару кезінде есірткінің адам өміріне, отбасына қауіп төндіру және бас бостандығынан айыру проблемаларының күн сайын көреміз. Жастар фильмдегі нашақорлардың қателіктерін көріп, өз таңдауы жайлы ойлайды деп үміттенеміз.
Деректі фильмді тамашалағандардың дені – колледж студенттері. Басынан аяғына дейін тапжылмай көрген ұл-қыздар туындыдан алған әсерлерімен бөлісті.
Фильм өте керемет өтті. Онда біз сияқты жастарға закладчик болмауға шақырады. Зәкіржан Мамлютов ке көптен көп рахмет.
Мен фильм жүріп жатқанда әртүрлі сезімді бойымнан өткіздім. Музыка, қойылымдармен фильмнің атмосферасы ерекше болды. Өте мағыналы туынды.
Жалпы, мұндай фильмдер жастардың дұрыс шешім қабылдауына, өмірлік маңызды таңдау жасауға септігін тигізеді.