Тимирязев ауданының 2024 жылға жоспраланған бюджеті 4,3 млрд. Теңге. Ал, тартылған инвестиция мөлшері – 8 млрд теңгеден асады. Оның 78 пайызы, яғни 6,3 млрд.-ы кәсіпорындарға тиесілі.Жалпы, биыл ауданда 271 мың гектарга дән себілген. Өнімділікті арттыру үшін 16,5 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізілген. Диқандар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан 392 мың тонна дәнді және бұршақ дақылдарын жинады.

Шағын және орта бизнес – қоғамның тұрақты дамуының негізі. Биыл ауданда кәсіпкерлер ретінде 110 шағын және орта субъектілері тіркелген. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 11 бизнес субъектісіне 63,7 млн теңгенің мемлекеттік қолдау көрсетілген. Ал, жол мәселесіне келетін болсақ, биыл аудандық маңызы бар жалпы ұзындығы 59 км жолға орташа жөндеу жүргізілді. Жоба құны – 1,5 млрд теңгеден асады.

ЕРЛАН ЖАРОВ, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ауданда 3 млрд теңгенің құрылыс жұмысы атқарылды. Өткен жылмен салыстырғанда өсім жоғары. Биыл үш мәдени-сауықтыру орталығының құрылысы аяқталды. Олар: Ақсуат, Дмитриевка, Степное ауылдарында орналасқан. Әрбір нысанның құны-75 млн. Теңге. Сондай-ақ, Мичурино, Ақжан, Докучаево ауылдарында үш заманауи медициналық пункт салу бойынша жобалар іске асты. Олардың құрылысына 650 млн.теңгеден астам қаражат жұмсалды.