Петропавлдағы сарқынды су жиналатын «Биотоғанның» айналасын қоршАҒАН бөгет нығайтылып жатыр.

«Биотоған» сарқынды су жинақтағышы Петропавлдағы негізгі коллекторлармен бірге 1953 жылы салынды. Ал айналасындағы бөгет 1968 жылы тұрғызылған. 2014 жылы республикалық бюджеттен жинақтағышты қоршаған бөгетті жөндеуге қажетті соманың 50%-ы бөлініп, игерілді. Бүгінгі күні осы жылғы су тасқыны жағдайын ескере отырып, бұрын жөнделген бөгеттің биіктігін өсіру міндеті тұр және аяқталмаған учаскені күрделі жөндеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін 2,7 км бөгет жобалық белгіге дейін көтерілді. Ол үшін 160 мың м3 топырақ, 6,5 мың м3 сары балшық қолданылды. Бөгеттің жиектерін су шаймауы үшін бетон плиталар қолданылып, бекіткен. Бұған дейін Петропавлда тасқыннан зақым келген сорғы стансасы 4 метрлік габионмен нығайтылған.

АНДРЕЙ ФОМИЧЕНКО - "ҚЫЗЫЛЖАР СУ"ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ:

- Бүгінгі таңда Биотоған бөгетін нығайту жұмыстары жүргізілу үстінде. Биотоған стратегиялық нысан болып табылады, өйткені ол Петропавл қаласының ағынды суларын жинайды. Бүгінгі таңда темірбетон плиталары 100% - ы әкелінді, сонымен қатар 95% - ы балшықпен нығайтылды. Мердігерлік ұйым Астаналық -"Филнет-Қазақстан" ЖШС. Үлкен компаниялардың бірі. Бөұл нысанда жұмыс желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлап отырмыз.