10 айдың ішінде облыста 2576 неке қиылып, 1000-ға жуық ажырасу тіркелген. Отбасы-адам өміріндегі басты құндылық. Отбасылық өмірдің қыр-сырымен ерлі-зайыпты Галиевтер отбасы бөлісті.

Алтын той иелерін ерекше құрметке бөлеп, қарсы алды. Бүгін Галиевтер отбасына 50 жыл толды. Владимир Ахметовичтің өмірлік жолдасына деген алғаш көргендегі махаббат сезімі, жылулылығы сол қалпы қалған.

ВЛАДИМИР ГАЛИЕВ, АЛТЫН ТОЙ ИЕСІ:

- Татьянаны алғаш көргенімде ол менің өмірлік серігіме айналатынына бірден сенімді болдым. Отбасы – киелі ұғым. Ол адаммен бүкіл ғұмырыңды кешесің. Қазір балаларымыз, немерелеріміз бар. 

Қазір бақытты жанұя 3 баладан 5 немере сүйіп отыр. Отбасы мүшелері берекелі дастархан басында жиылып, жарты ғасырдан астам бақытты ғұмыр кешіп келеді.

ТАТЬЯНА ГАЛИЕВА, АЛТЫН ТОЙ ИЕСІ:

- Бір жыл қыз-жігіт болып жүрдік. Кейін той жасады. Қазір 2 қызымыз және ұлымыз бар. Үлкен қыз дүниеге келгенде, әлі оқу оқып жүрдік. Ортаншымыз болғанда, мен институтта білім алдым. Қазір 5 немеремді бағып отырмын.

Ерлі-зайыптылар агроном мамандығын тәмамдаған. Татьяна Прокопьевна өз өмірін мұғалімдікпен байланыстырса, ал жолдасы жермен жұмыс істеп, ауыл шаруашылығын дамытуда. Олар өз балаларына еңбекқорлық, адамгершілік қасиеттерін сіңіріп, бүгінгі таңда бар уақытын немерелеріне арнап келеді.

ВЕРОНИКА ЛЕБЕДЕВА, НЕМЕРЕСІ:

-Сколько себя помню всегда проводили время у бабушек. Для меня это самые теплые воспоминания.

АРТЕМ ГАЛИЕВ, НЕМЕРЕСІ:

- Дорогие бабушка и дедушка мы вас любим!

Отбасы – рухани жаңғырудың негізі, ұрпақ тәрбиесінің қайнары. Отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Жанұя мүшелерінің сыйластығы, махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр.