Өңірге премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен келеді. Президент қойған міндеттер аясында білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамыту бойынша бірқатар әлеуметтік нысанды аралады.
"Балдәурен" бөбекжай-бақшасы қазіргі заманғы заманауи инновацияларды қолданып келеді. Мұнда балаларға арналған зерттеу орталығы бар. Бүлдіршіндер ғылым әлемі, робототехника кабинеті және STEM жобасы бойыншы оқытылады. Балабақшада 14 топта 320 бала тәрбиеленіп жатыр.
МАДИНА ДАРБАЕВА, «БАЛДӘУРЕН» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Қазіргі кезде балабақшамызда Камьюнити центр деген қосымша білім беру орталығы ашылғы. Сол орталықта бүлдіршіндеріміз тегін робототехника, шахмат, қазақтың ұлттық ойындары бес асықты үйренеді. 00:39 2018 жылдан бастап балабақшада сайыстар өткізіледі.
Балабақша меңгерушілерімен кездесуде жаңашылдықтар талқыланды. Қазақстанда Мектепке дейінгі оқытуды ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілуде. Бюджеттен бөлінген қаражатты мектепке дейінгі мекемелерге емес, ата-аналардың немесе баланың басқа да заңды өкілдерінің шоттарында бөлінетін болады. Осылайша, ата-аналар қызметтердің сапасын бақылай отыра, балаға ең қолайлы балабақшаларды таңдай алады.
АСҚАР ИБРАИМОВ, "ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
-Бүгінгі таңда плоттық жоба Тараз, Шымкент, Түркістан өңірлерінде іске асырылып жатыр. 2025 жылдан бастап бүкіл Қазақстан бойынша енгізілетін болады. Ваучерлік қаржыландыру мемлекет ұстанған құқықтар мен міндеттердің бір бөлігі ата-анаға беріледі. Олар кімнің ең жақсы екенін анықтайды.
Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары М.Жұмабаев атындағы it-мектеп-лицейінде болды. Оқу орнында 1100 бала білім алады. Түрлі бағыттар бойынша 39 үйірме жұмыс істейді. Кездесуде мектеп директорларымен "Барлығына қолжетімді сапалы білім беру" атты ұлттық жобаны іске асыру мәселесі талқыланды. Білім берудің барлық деңгейлерін қамтитын өңірдің жол картасы әзірленді. Білім министрлігі композиттік индекс негізінде 106 мақсатты, 215 орта және 124 мықты мектепті анықтады. СҚО-да 20 мақсатты мектеп таңдалды.
АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Бүгінгі таңда оқу-ағарту министрлігінің тарапынан 943 мақсатты мектеп бағдарламасы бойынша біздің Солтүстік Қазақстан өңірінен 20 мақсатты мектеп белгіленіп отыр. Айта кету керек, бүгінгі күні өңірімізде әдістемелік орталықтар жұмыс істеуде. Әр мектепте арнайы курстан өткен менторлар тағайындалып жатыр.Олар бірге мектеп басшылығымен отырып жақсы мониторинг жасап, білім сапасын қалай жақсартамыз деген сұрақтарға жауап алып жатыр.
2022 жылдан бастап ауылдық жерлерде тірек мектептерін дамыту бойынша "Орнықты даму білім беру қоры" жобасы іске қосылды. Жоба мектептің материалдық оқу базасын жаңарту және оқытушыларды оқытуды көздейді.
РУСТАМ ӘБІЛОВ, "БІЛІМ БЕРУДІ ТҰРАҚТЫ ДАМЫТУ ҚОРЫ" БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- 7-ден 12% - ға дейін балалардың білім сапасы артып келе жатқанын көрдік. Әдістемелік сүйемелдеу 3 жыл ішінде жүзеге асырылады. СҚО-да 13 тірек мектепті жабдықтау жоспарланған. Биыл біз 9-ын қамтамасыз еттік. Қалғандары келесі оқу жылына жоспарланған.
Тамара Дүйсенованың қатысуымен жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру талқыланды. Оқу орнында 9 мамандық, 15 біліктілік бойынша 1000-нан астам студент оқиды. Жұмысшы мамандықтары бойынша 301 жас білім алады.
Кездесуде Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорларымен білім беруді трансформациялау мәселелері және жұмысшы мамандықтары бойынша оқыту әдістері талқыланды. 2025 жылы жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру үшін кәсіптік білім беру жүйесін жақсартуға бағытталатын болады, бұл өз кезегінде экономиканың өсуіне және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға көмектеседі.
САНЖАР ТӘТТІБЕКОВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ЖАНЫНДАҒЫ "TALAP" КЕАҚ ПРЕЗИДЕНТІ:
- Жұмыс сапары үстел теннисі бойынша облыстық Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жалғасты. Мұнда спорт ұйымдарының басшыларымен кеңес өтті, екі жақ ел мен өңір саласының дамуын талқылады.
СЕРІК ЖАРАСБАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
– Спорт саласын біркелкі қаржыландыру мәселесі бар, сондай-ақ бұқаралық және балалар спортының дамуына серпін беру тапсырылды. Жаңа заңнама нормалары бойынша облыстық спорт басқармаларының бастықтарын уәкілетті органдардың, туризм және спорт министрлігінің келісімімен тағайындау көзделеді.
Елімізде бюджеттен 179 спорт түрі қаржыландырылады, 510 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Жаңа заңнамада чемпиондар мен шеберлерді даярлау үшін жаңа қосымша ақы енгізу ұсынылады.
ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
-Біз бүгін Солтүстік қазақстан облысына мемлекеттік басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік салаларды қарастыруға келдік. Білім және спорт саласын қарастырып шықтық.
Кеңес барысында сұрақ-жауап сессиясы өтті. Барлық айтылған пікірлер мен өтініштер бақылауға алынды.