Қазақстанда 700-ден астам мектепте спорт залы жоқ. Солардың бірі - Айыртау ауданындағы Бірлестік ауылы. Спортпен айналысуға ешқандай жағдай болмаса да, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жанат Мұқашев балаларды көптеген спорт түріне баулып жүр. Аядай ғана бөлмеде жаттығатын оқушылар аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда жүлделі болған. Білікті ұстаз өзінің жетістіктерін кәсібіне деген сүйіспеншілікпен байланыстырады.

Қазақстанда 700-ден астам мектепте спорт залы жоқ. Солардың бірі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Бірлестік ауылында орналасқан. Жағдай жасалмағанына қарамастан, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жанат Мұқашев балаларды көптеген спорт түрлеріне баулып жүр. Аядай ғана бөлмеде жаттығатын оқушылар аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда жүлделі болған. Білікті ұстаз жетістіктерінің сырын кәсібіне деген сүйіспеншілікпен байланыстырады.

Эльмира Кәленова, тілші:

Ауылда мына алаңқайдан басқа балалар ойнайтын жер жоқ. Әсіресе ұлдар жағы қолы қалт етсе, осында келіп, доп тебуге асығады. Балалар, қандай үйірмеге, спорт секциясына қатысасыңдар?

- Футбол, күрес, шашки, шахмат...

- Жаттықтырушыларың кім?

- Жанат мұғалім.

- Жанат мұғалімнің өткізетін секциялы несімен ұнайды?

- Бәрін үйретеді, секция болмаса да, болатын жарыстарға апарады. Асық атуды үйретті, оған дайын емес болдық, оны да үйретті. Күреске де дайын болмаған кезде апарып үйретті.

Жанат Мұқашев, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:

Жұмыс орным міне осы, шағын ғана кабинет. Осында балаларды әрбір спорт түрлеріне үйретеміз. Спорт залдың жоқтығына қарамастан, жеке ұстанымым бар. Ешқандай қиындыққа мойынұсынбай, алға жетелеген арманға қол жеткізу деген. Міне, соның арқасында көп жетістікке жетіп отырмыз.

Ләззат Әленова, мектеп директорының орынбасары:

Жанат Болатбекұлы өзімнің оқушым. 30 жылдан бері әріптес болдық. Өте білікті, білімді маман. Талай-талай оқушыларды аудан, облыс көлемінде жеңімпаз қылып шығарған. Әлем чемпионын шығарсам екен деген мақсаты бар да. Енді оған да әлі жетер деп ойлаймыз.

Жанат Мұқашев, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:

- Кез келген құжатты ашып қалсаңыз, өзім туралы мәліметтер бар және осы мектеп қабырғасыында оқып, бітіріп кеткен оқушылардың да мәліметтері бар. Кез келген өткізген жарыстардың нәтижесі, жаңағы уақыт көрсеткіші бәрі де тарих үшін деп өз басым. Өйткені өзім мектеп қабырғасында оқып жүргенде жалғыз спортты емес, тарихты да жақсы көрдім.

Нұрхан Болатбек, баласы:

- Әкем қайсар, екі сөйлемейді. Бір ғанақ сөйлейді. Ерте ме кеш пе, оның арты ашылады өтірік ол жаман нәрсе деп үйреткен, бала кезімнен.

Жанат Мұқашев, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:

- Әрбір кәсіп иесі өзінің кәсібіне жанашыр болуы керек. Махаббаты болуы керек. Өйткені махаббат болмаса, кез келген нәрсеге адам құлшыныс танытпайды. ІСтеп жатқан жұмысыңыздың балаларға үйретіп, қабілетін шыңдап, ой-санасын бірге жетілдірсе, келер ұрпақтың жақсы ұрпақ болып қалатынына көөіміз жетіп жатса, ол адам үшін үлкен бір қуаныш.