Петропавл қаласында саяхатшы отбасы тұрады. Ерлі-зайыпты 3 баласын ертіп, жеңіл автокөлігімен шетел асып, Түркияның Стамбул қаласына дейін барған. Олардың айтуынша, бұлайша саяхаттау әлдеқайда тиімді. Біріншіден, көп ел мен жер көресің. Ал, екіншіден қаражат аз кетеді.
АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ:
- Құрметті көрермен, ал Сейдалиевтер отбасы мен сияқты билет іздемей, шетелге өз көліктерімен барған екен. Осы орайда, саяхатшы ерлі-зайыптының үйіне барып, саяхат барысы қалай өткенін сұрап білейік.
Сейдалиевтер отбасы Түркияға сапарды осы жылдың сәуір айында жоспарлаған. 29 мамыр күні жолға шығып, 8 күннің ішінде Түркияға жеткен. Негізі, көлікпен саяхаттау отағасы Рустамның идеясы болған екен.
РУСТАМ СЕЙДАЛИЕВ, ОТАҒАСЫ:
- Біз өзіміздің «Камри» маркалы көлігімізбен бардық. Көлемі – 2,5. Оны мен Грузия елінен алдым. Қазақстанға дейін өзім жүргізіп келдім. Жолдағы табиғатқа ғашық болдым. Отбасымның да сол сұлулықты өз көзімен көргенін қаладым.
Отбасы Түркияға Ресей және Грузия арқылы барған. Саяхат барысында 15-ке жуық қалаға тоқтап, әрқайсысын аралап, ерекшелігін көрген. Жалпы, үйелмен барлығы 11 мыңдай шақырым жолды еңсерген. Барып – келуге 2 аптаға жуық уақыт кеткен екн.
ЖҰЛДЫЗ ҚҰРМАНОВА, ОТАНАСЫ:
- Балалар қиналған жоқ. Өздерін еркін ұстады. Арнайы орындары болды. Телефонға суретке түсіріп, қызықтап отырды. 02:58 Біздің туған туыстарымыз сапар туралы білді. Ал, достарымыз, әріптестеріміз бәрі таңғалуда. Қалай барып келдіңіздер деп, бәрі сұрап жатыр. Бізде өз отбасымызбен барсақ екенқызығушылық танытқандар да жетерлік.
Отбасы мемлекеттердің шекарасынан еш қиналмастан өткенін айтады. Олардың сөзінше, көлікпен саяхаттау арқылы 2 есе көп дүниені көруге болады.
РУСТАМ СЕЙДАЛИЕВ, ОТАҒАСЫ:
- Барып-келуге барлығы шамамен 1 млн 500 мың теңгедей кетті. Негізі, бұдан аз жұмсауға болар еді. Бірақ, өзімізден ешнәрсені аяған жоқпыз. Жанармайдан қиналдық деп айта алмаймын. Барлық жерде шамамен бірдей баға. Жұбайым екеуіміз бұған дейін Дубайға турмен барғанбыз. Оған да осындай қаражат жұмсадық. Бірақ, әрине онда қыдырған жерлеріміз бұдан тіптен аз болды.
Енді, Сейдалиевтер шаңырағы Португалияға баруға дайындалып жатыр. Осылайша, бір саяхат барысында түгел Еуропаны аралап үлгермек.
СТЕНДАП: АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ:
- Саяхат – адамның өмірін жарқын етіп, оның дүниетанымын одан әрі кеңейтеді. Сондықтан, сәті түссе өзіңізге демалыс арнап, жиі саяхаттаған абзал. Ал, Сейдалиевтер отбасысы маған да шабыт берді. Мен де көлікпен сапарға шықпақпын.