Жексенбі күні Петропавлдағы жатақханалардың бірінің тұрғыны жұбайына шағым жасап, полицияға арыз түсірген. Спирттік ішімдік ішудің арты жанжалға ұласқан. Тәртіп сақшыларының айтуынша, осындай отбасылық кикілжіңдер көбіне демалыс күндері тіркеледі екен.
Шақыртумен полицейлер келген кезде әйел арыз жазудан бас тартқан. Бұрын бұндай жанжалдан жазаланбайтынын білген ер адамдар, жұбайларына қол көтеріп жататын. Өткен жылдың ортасынан бастап полиция арызсыз-ақ жанжалқойды жазалай алады.
Қазіргі таңда әкімшілік материалдар жиналып жатыр. Бұрын есірткі қолданғаны үшін сотталған адам енді 5 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.
Айнагүл Сауытбекова – СҚО ПД ЖПҚБ инспекторы:
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылғандай, «Заң және тәртіп» қағидасын іске асыру шеңберінде азаматтардың өміріне қауіпсіз жағдай жасау қажет. 16 қыркүйектен бастап облыста «Учаске» республикалық ЖПІШ өткізілуде. ІІО есепте тұрған азаматтар тұрғылықты орны бойынша тексерілуде.
Жедел профилактикалық алдын-алу іс-шарасы кезінде өңірде тұрмыс-отбасылық саласында 240-қа жуық заң заңбұзушылық тіркелді. Осы аралықта 4 мыңға жуық адам тексерілді.