Негізгі Жаңалықтар Тұрақтандыру қорында 12 мың тоннаға жуық өнім бар

Тұрақтандыру қорында 12 мың тоннаға жуық өнім бар

Өңірдегі тұрақтандыру қорында қазіргі уақытта 12 мың тоннаға жуық өнім бар. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің басым бөлігі – жергілікті тауар өндірушілердің өнімі. Қорды толықтыруға биыл облыстық бюджеттен 2,5 млрд. теңге бөлінді.

«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 14-і енген. Қыс мезгілінде көкөністер «Радуга» ЖШС заманауи көкөніс қоймасында сақталынады. Нысанда көкөністерді мамыр-маусымға дейін бұзбай жеткізуге мүмкіндік беретін қажетті жағдай, соның ішінде температура, желдету бар. Облыста өндірілмейтін қант, күріш және тұзды қоспағанда, қалғаны жергілікті кәсіпкерлердің өнімі. Азық-түлік қоймалардан тұрақтандыру қорының сауда орындарына күн сайын, супермаркеттерге – аптасына үш рет жеткізіледі. Тұрақтандыру қорымен ауылдық дүкендер де жұмыс істейді. Өтінімдерді аудандардағы кәсіпкерлік бөлімдері қабылдайды.

ГАМАЛИ ЖҰМАШОВ , "СОЛТҮСТІК" ӘКП " АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - 11,7 мың тонна өнім, 5 млн. данадан астам жұмыртқа сатып алынды. Атап айтқанда, 1 247 тонна картоп, 450 тонна пияз, 470 тонна қырыққабат, 477 тонна сәбіз сатып алынды. Сондай-ақ 4,5 мың тонна бидай ұны сатып алынды. Тұрақтандыру қорының өнімдері облыс орталығының барлық дүкендерінде және аудандардың дүкендерінде сатылады.


Бөлісу