Петропавлда «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында салынған алғашқы білім ордасы пайдалануға берілді. 600 орындық мектеп «Орман» шағын ауданында бой көтерді. Өңір басшысы сыныптарды аралап, балаларға жасалған жағдайды көрді.
Петропавлда пайдалануға берілген алғашқы «Жайлы мектепте» «Бірлік», «Орман», «Юбилейный» және «Солнечный» шағын аудандарының балалары оқиды. Білім ордасы 600 балаға шақталған. Қазір 315 оқушы оқып жатыр. Соның 103-і – №16 мектептен ауысып келіп жатыр. 100-ден астам оқушы «Бірлік» шағын ауданынан келіп оқиды. 2 блоктан тұратын 3 қабатты ғимарат соңғы үлгідегі заманауи құрылғылармен жабдықталған. Оның құрлысы 2023 жылдың тамыз айында басталған. Ал биыл жаңа оқу жылында есігін айқара ашты. Ашылу салтанатына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ , СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- №28 жалпы білім беретін мектепте аралас тілде оқытылады. Оқу процессі 2 ауысымда жүргізіледі. Мептептің тағы бір ерекшелігі, мұнда 2 спорт залы бар. 50 кабинет болса, соның 30-ы – пәндік, үш шеберхана орналасқан. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін де жағдай жасалған, арнайы жолдар, лифт бар, акт залында көтергіш қарастырылған.
ГҮЛЖАН ЖАҚАНОВА , №28 жалпы білім беретін МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
Бүгінгі біздің жайлы қуаіпсіз мектебіміз ашылды.Мектепте барлық жағдайлар жасалған. Бүкіл кабнеттерде заманау жиһаздар, құрылғылар, сомен қатар кеше ғана барлық кабинеттерге пәндік ерекшеліктеріне байланысты әдістемелік құралдар әкеліп қойылып, бүгінгі күні қолданысқа берілді барлық оқу кабинеттерінде интерактивтік .... орнатылды. Барлығы интернет жүйесіне қосылған.
Оқушыларды жан-жақты дамытуға және педагогтердің белсенді жұмысына арналған акт залы, оқу залы бар кітапхана, ыңғайлы коворкинг аймақтар бар. Жалпы өңрде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 4 мектеп салу жоспарланған. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, оның екеуі биыл, қалғаны келесі жылы пайдалануға берілмек.