Петропавлда халықаралық көгершіндер көрмесі ӨТТІ. Екі күн бойы тұрғындар бейбітшілік құсы саналатын кептерлердің түр-түрін тамашалауға мүмкіндік алды. Көрме-жәрмеңкеге еліміздің түкпір-түкпірінен, көрші Ресейден көгершін өсірушілер қатысып, құстардың асыл тұқымын көрермен назарына ұсынды.

Петропавлда көгершіндердің халықаралық көрмесі өтті. Іс-шараны қаламыздың "Возрождение" көгершін өсірушілер клубы және Қостанай, Көкшетау, Астана және Қарағандыдан келген елдің солтүстік өңірлерінің көгершін өсірушілер бірлестігі ұйымдастырды. Мұнда осы құстың 20-дан астам тұқымы таныстырылды.

СЕРГЕЙ МИЦУКОВ, ЧЕЛЯБІ ОБЛЫСЫНЫҢ "ПТИЦА-РАДОСТЬ" КӨГЕРШІН ӨСІРУШІЛЕР КЛУБЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Жұмыстан келіп шаршаған кезде, көгершінді көріп, демаласың. Бұл керемет демалыс. Өте ерекше құс. Себебі, асылдандыру үнемі жүріп тұрады. Қазір әлемде еуропалық стандарттар бойынша өсірілген 1900 тұқым бар.

Рахметжан Мирсалимбаев көрмеге Тараз қаласынан келді. Ол шамамен 60 жыл бойы көгершін өсірумен айналысады. Ол бұл істі бала кезінен бастаған. Көрмеге 4 жұп көгершін әкелді.

РАХМЕТЖАН МИРСАЛИМБАЕВ, КӨГЕРШІН ӨСІРУШІ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ:

- Бұл Челкар атты көгершін. Оның аяқтары, дене бітімі, көгілдір көздері-өте әдемі. Көрмеге 8 құс әкелдім.

Көрмеге қойылған құстардың сапасын төрешілер халықаралық стандарттар бойынша бағалады. Көп ұпай жинаған көгершін жеңімпаз атанады. Құстың иесі кубок, естелік медаль мен дипломға ие болады.