Шал ақын ауданында болған жол-көлік апатында бір адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды. Оқиға 4 қараша күні Арай ауылының маңында жергілікті маңыздағы жолда болған. «ВАЗ 2107» автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қиыршық тастардың үйіндісіне соғылған. Алған жарақаттардан әлі жасқа толмаған нәресте медициналық мекемеге бара жатқан жолда қайтыс боды. Автокөлік жүргізушісі мен тағы екі жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды. Медициналық куәландыру нәтижелеріне сәйкес, жүргізуші мас күйде болмаған. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайларын зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қорытынды бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.