Петропавлда облыстық кәсіпкерлер палатасы мен қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандардың қолынан шыққан бұйымдардың көрмесін ұйымдастырды. Іс-шара пенитенциарлық жүйе мекемелерінде жұмыспен қамтуды арттыру жөніндегі «Жол картасы» аясында ұйымдастырылды. Түзету мекемелерінде өндірістік цехтарды орналастырудың басты артықшылығы – еңбек тәртібінің қатаң сақталуы мен жұмыс күшінің тұрақты болуы. Тілші бейнематериалына зер салайық.


Жұмсақ ойыншықтар, төсек жабдықтары, арнайы форма, металл мен ағаштан жасалған бұйымдар. Бұл облыстық қылмыстық- атқару жүйесі мекемелерінде өндірілетін өнімдер тізімінің бір бөлігі. Барлығы 600-ден астам жазасын өтеуші өндірісте жұмыс істеп, орташа айлық еңбекқы алады.


ВИТАЛИЙ АЛЕКСЕЕВ, СҚО ҚАЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жазасын өтеу орындарында сотталдғандар меңгенген кәсіп пен дағдылардын бостандыққа шыққанда пайдалана алады. Әр түзету мекемесінде колледждер бар, онда олар білім алып, диплом алады және өз ісінің маманына айналады.


Түзету мекемелеріндегі негізгі бағыт - ағаш өңдеу және тігін өндірісі. Сонымен қатар, екі мекемеде жылыжайлар бар. Сотталғандар моншаға арналған заттарды, ат әбзелдерін, ойыншықтарды және т.б. заттарды шығарады.


ӘСЕЛ САМАРАТОВА, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Кәсіпкерлер палатасымен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті көп жылдар бойы бірлесіп жұмыс істеп келеді. Соңғы екі жылда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне барып, әйелдерге арналған оқыту өткіздік, сондай-ақ ерлер колониясындағы өндірістік орындарды қарап шықтық. Бүгін мұнда облысымыздың нарығында сұранысқа ие тауарлардың кең таңдауы ұсынылған.


Қазір түзету мекемелерінде 17 жеке кәсіпкер өз өндірісін ашқан. Олардың өнімдері көрмеде ұсынылған.


АЙСҰЛУ МҰРЗАНОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

- Біз қол жетімді бағамен отандық өндірісімізді ашып, сотталғандарды өзімізге қажетті дағдыларға үйретуді мақсат еттік. Қазіргі уақытта біз төсек жабдықтарын, көрпе,жастық жиынтықтарын тігіп, қолжетімді бағамен, нарықтағыдан төмен бағада тұтынушыға ұсынамыз. Сонымен қатар, киім кешек те тігеміз.


Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелер әрқашан облыс кәсіпкерлерімен ынтымақтастыққа дайын. Биыл «Еңбек-Қызылжар» републикалық мемлекеттік кәсіпорны 50 сотталғанды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берген жаңа тігін цехын ашты. Жалпы, Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік жобасы аясында түзеу мекемелерінде сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында шеберханалар ашу жоспарланған.