Облыс прокурорлары ведомствоаралық кеңес өткізіп, 10 айда алиментті өндіріп алу бойынша атқарылған жұмысты қорытындылады. Өңірдің кей тұрғындары балаларына миллиондап қарыз бола тұра, букмекерлік кеңселерде құмар ойындарға қомақты ақша жұмсап, өз міндеттемелерін орындамай келген. Операциялардың жалпы айналымы жарты миллиард теңгеден асқан.
Борышкерлер қатарында жүрген 40 адам ұтысқа ақша тігіп келген. Бірі 1,3 млн теңге алиментті төлемей, 4 жыл ішінде «Olimpbet» букмекерлік кеңсесінде 147 млн теңгеден айырылған, ал екіншісінің 4,7 млн теңге алимент бойынша берешегі бар, ол бір жыл ішінде ұтыс нәтижесінде «1xBet» букмекерлік кеңсесіндегі аккаунтын жалпы сомасы 33,9 млн теңгеге траншпен толықтырған.
АБУ-АЛИ САТТАР СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
- Индрайвер, яндекс таксилерді де тексердік. Алимент төлеуден қашып жүргендердің бірі белгілі бір аралықта 2 млн теңге табыс тапқан. Қазіргі уақытта борышкерлердің ортақ берешегі 250 млн теңге шамасында. Сот орындаушылары өз жұмысын тиісті деңгейде орындамайды. Өткен аптада әділет департаменті басшысына ұсыныс жібердік. Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Кінәлілер тиісті жазасын алады. Ал анықталған 40 борышкерді қылмыстық жауапкершілікке тартамыз.
Бүгінгі таңда облыста 9 мыңнан астам бала алимент алады. Жылдың басынан бастап 82 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 71-і қамауға алынып, 11-іне айыппұл салынды, қасақана жалтарып жүрген 12 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда алимент бойынша -110 млн теңге берешек өтелген.
АЙДОС ТОҒЫЗБАЕВ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
- Осы жылдың есептік кезеңінде атқарушы құжаттырдың орындау және сот шешімдерін орындау бойынша 211970 атқарушы өндірістік іс тіркелген. жалпы соммасы 36 миллиард тенгені құрайды. өндіріс барысында 87 800 өндіріс аяқталды. жалпы сомммасы 6 миллиардтан астам. олардың 47860 өндірісі немесе 77,9 % толықтай орындалып, 6 миллиардтан астам сумма мемлекетке түскен.
Бұл бағыттағы жұмыс қадағалау органының тұрақты бақылауында болмақ. .