Өңір каратешгілерінің қоржыны тағы 8 алтын медальмен толықты. Ресейдің Омбы қаласында Олимпиада чемпионы Николай Солодухиннің құрметіне халықаралық турнир өтті. Жарысқа еліміздің және Томск, Новосібір, Омбы және Кемерово облыстарының командалары қатысты.
Бәсекелі сайыста каратэ-до бойынша СҚО құрамасынан әр түрлі жас санаттарындағы 20 спортшы бақ сынады. Әсіресе кіші топтың спортшылары ерекше көзге түскен.
РАТМИР ЗАНКИРОВ, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ:
- Менде 2 қарсылас болды. Біріншісі Ярослав, екіншісі Ернармен. Мен бірінші орын алдым.
Естеріңізге сала кетейік, Николай Солодухин – көрнекті дзюдошы, екі дүркін әлем чемпионы, Еуропа және КСРО-ның бес дүркін чемпионы және еңбек сіңірген спорт шебері.
ЕВГЕНИЙ МАКСИМОВ, "ГОДЗЮ-РЮ КАРАТЭ-ДО ФЕДЕРАЦИЯСЫ" СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:
- Бұл сайыста облысымыздың қоржыны 10 қола, 17 күміс және 8 алтын медальмен толықты. Халықаралық турнирге барлығы 400-ден астам спортшы қатысты. Оның 20-ы солтүстікқазақстандық.
400-дей спортшының басын қосқан сайысқа еліміздің намысын қорғау үшін тек солтүстікқазақстандықтар ғана қатысқан