Негізгі Жаңалықтар Бір аптада жрви-дің 3073 жағдайы тіркелген

Бір аптада жрви-дің 3073 жағдайы тіркелген

Қазан айынан бері жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырудың 10 300-ге жуық жағдайы тіркелген. Оның ішінде ауырғандардың 7 мыңға жуығы немесе 66 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар.


Мамандардың айтуынша, сырқаттанғандар саны азайып келеді. Мәселен өткен аптада ЖРВИ-дің 3073 жағдайы тіркелсе, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 11 пайызға аз. Вирустық инфекция жұқтырған жағдайда адамның дене қызуы кенеттен көтеріліп, құрғақ жөтел пайда болады, бас ауруы, бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну, тамақ ауруы мазалайды. Өздігінен емделу қауіпті, бірден дәрігерге қаралған жөн.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар