Өңірге транспланттауды үйлестіру ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ медициналық қызмет республикалық орталығының мамандары келді. Екі күнге шақталған іс-сапар барысында көшпелі кеңес өтіп, мәйіттік донорлық мәселесі қозғалмақ. Облыс бойынша қазір 104 адам трансплантАЦИЯҒА кезекте тұр. Оның төртеуі – бала. 


Іс-шарада әлем бойынша донорлық ағзаны транспланттау тәжірибесі, марқұм болған адамның ағзасын алу, еліміздегі трансплантациялық хал-ахуал, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілері жайлы сөз қозғалды. Транспланттауды үйлестіру ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ медициналық қызмет республикалық орталығының бөлім басшысы Қайрат Иманбаевтың бұл сапардағы мақсаты - ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Жиын барысында еліміздегі ағзалық донорлық және даму перспективалары туралы айтып берді.


ҚАЙРАТ ИМАНБАЕВ – ҚР ДСМ ТРАНСПЛАНТТАУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

- Біздің келу мақсатымыз – халықпен және дәрігерлермен кездесіп, мәйіттік донорды дамыту. Неге десеңіз мәйіттік донор мен туыстық донордың айырмашылығы көп. Туыстық донорда күту парағында күтіп қалуға мүмкіндігі бар, мәйіттік донорда ешқандай зияны жоқ. Сондықтан әлем бойынша мәйіттік донорды дамытыу.


Елімізде ағзасын трансплантациялауды қажет ететіндер саны азаяр емес. Қазақстан бойынша 4080 адам ағзасын ауыстыруға донор күтіп отыр. Дертіне шипа іздеп, өмір үшін арпалысқа түсетіндердің басым бөлігіне бүйрек пен бауыр қажет.


ӘЛИХАН ҚАБДУЛОВ - АЙМАҚТЫҚ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ

- Біздің облыста 104 адам, оның ішінде 4 бала ағзасын ауыстыруға донор күтіп, кезекте тұр. Бұл тізім жыл сайын ұлғайып келеді. Елімізде, ескере кетер жайт, туыстық трансплатанцияға ғана рұқсат бар.


Заң бойынша әр адамның көзі тірісінді донорлыққа қатысты ойын білуге болады. Маманның айтуынша, келісім болғанның өзінде де туыстарының рұқсаты керек. Олар келісім бермесе, донор бола алмайды