Қазақстан халқы ассамблеясында қарттар айлығы аясында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Зейнетке шыққан Петропавл тұрғындарына егде жастағы жандардан құрылған орталықтың мүшелері концерттік бағдарлама ұсынды.
Іс-шарада талантты жандар тамылжыта ән шырқады, мың бұрала би билеп, өлеңдер оқыды. Қарттар айлығын қорытындылау мақсатында ұйымдастырылған жиынды жоғары деңгейде өткізу үшін 2 ай уақыт жұмсалған екен.
ЯНА БОГОВА, «ЗЛАТО КОЛЕЧКО» ВОКАЛ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
- Бүгін зейнетке шығып, өздерінің сүйікті істімен айналысып жүрген жандар бір жерге жиналып отыр. Қазір сахнаға «Злато колечко» вокал тобы шығып, менің авторлық әндерімді шырқайды. Осы орайда, барша өңір тұрғынын біздің вокол үйірмесіне қатысуға шақырамын. Зейнетке шыққан жандарға үйде отырып қалмай, белсенді болуға, түрлі орталық, клубтарға барып, сүйікті іспен айналысуға кеңес берер едім.
67 жастағы Роза Баязитованың халық алдында жүргеніне 2 жылдан асқан. Бүгінгі жиында да замандастарына керемет көңіл-күй сыйлады.
РОЗА БАЯЗИТОВА, «СЕКРЕТ ДОЛГОЛЕТИЕ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:
- Бүгін «Гимн» әнін айтып, би биледік. Қазір тағы сахнаға шығамыз. Біздің «Секрет долголетие» атты орталықтың жетекшісі осындай іс-шараларда бой көрсетіп әрі демалуға үнемі жағдай жасайды.
Бүгінгі жиынға 50-ден атсам алпысты алқымдаған зейнет жастағы қала тұрғыны қатысты.