Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бір отбасының үш мүшесін өлтірді деп айыпталғандарға қатысты үкім шығарылды.


Сот Сергей Емельянов пен Данил Орловты қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, жаза тағайындады. Сергей Емельянов өмір бойына бас бостандығынан айырылса, Данил Орлов 21 жыл 8 айға темір торға тоғытылды. Ирина Скоробогатоваға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ол арандатуға кінәлі деп емес, қылмысты біліп, хабарламағаны үшін жазаланады.


Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында Жұмысшы кентінде бәз біреулер бір отбасының үш мүшесін өлтіріп кеткен болатын. Олар күйеуі, әйелі және олардың кәмелетке толмаған ұлы. Ерлі-зайыптылар жерлеу ісімен айналысқан. Полицейлер бірден екі күдіктіні ұстады. Ол жерлеу қызметімен айналысатын шағын жеке кәсіптің иесі болып шықты. Ал екіншісі сол жеке кәсіпкердің бейіт қазушысы. Сонымен қатар, арандатушылық жасады деген күдікпен жерлеу рәсімімен айналысатын тағы бір ірі мекеменің ортақ иесі ұсталды. Айыптаушы тараптың айтуынша, ол кісі өлтіруге бастамашы болған және оған марқұм Вадим Приходченкомен бизнестегі келіспеушілік себеп болған.


АЙДАРБЕК БЕКҚОЖИНОВ , СҚО ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

- Сот Емельянов пен Орловтың жасаған әрекетін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы екінші бөлігінің 1, 7, 10, 13, 14 тармақтарымен 191-баптың 3-бөлігінің бірінші тармағымен саралады. Яғни, тонау, кісі өлтіру. Осыны ескерген Емельянов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Орлов 21 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. ///Скоробогатова 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.