Қазақстандық жазушы, сыншы, аудармашы, публицист Герольд Бельгердің 90 жылдығына орай «Герольд Бельгер-қазақ тілінің жанашыры» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Қатысушыларға Герольд Бельгер жайлы шағын бейнематериал көрсетілді. Жазушының өмір жолы мен щығармашылығы туралы слайд көрсетілімі болды.
БАЗАРБЕКОВА АҚНҰР, ГУМАНТИРАЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:
- Герольд ағамыздың 90 жылдығына байланысты біз өткен аптада жақсы үлкен іс-шара өткізілді. Оған міне қуаныштымыз жаңағы студенттердің қазақ тілінде, неміс және орыс тілінде өзінің шығармаларымен студенттерді таныстырып, үлкін бір нәтижеге жеттік деп ойлаймыз.
Қазақстандағы шығармашыл зиялы қауым арасындағы орыс, неміс және қазақ тілдерінде еркін сөйлеп, жазатын жалғыз неміс. Қазақ тілі Герольд Бельгер үшін екінші ана тілі болды. Жазушы қазақ әдебиетінің танымал болуына үлесін қосып, көп еңбек сіңірді.
СӘДУАҚАСОВА БАЛЕРКЕ, ЕРЖАНОВНА – ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ ӘДІСКЕРІ:
-Іс-шараға облысымыздың қоғам қайраткерлері, Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ-ның профессорлық-оқытушылық құрамы, орта, техникалық және кәсіптік білім педогогтері қатысуда. Конференция өз заманының белгілі әдебиет зерттеушісі Герольд Бельгердің шығармашылығ мен жариялымдарын көпшілікке кеңінен таныстыру, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Мазмұнды іс-шарада жиынға қатысқандар Герольд Бельгердің қаламгерлік қарымы жайлы көптеген ақпарат алды. Еділ немістерінің отбасында дүниеге келген жазушы шығармашылығы әдебиетіміздің биігінде, қақ төріндеорны бары ақиқат.