Петропавлда алғаш рет мұғалімдер арасында «Ұстаз – білім айнасы» тақырыбында облыстық айтыс өтті. Оған өңір аудандарынан келген 8 ақын қатысты. Қатысушылар білім саласындағы маңызды мәселелерді көтеріп, ойларын ортаға салды.


Амангелді Оқас – Уәлиханов ауданы №1 Кішкенекөл орта мектебінде қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. 15 жылға жуық еңбек өтілі бар. Тіл маманы болғандықтан оған айтысқа қатысу, сөз саптау өнері қиындық тудырмаған.


АМАНГЕЛДІ ОҚАС, АЙТЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

- Әрине, әр қатысушы жеңемін деп келеді. Дайындығым жақсы. Мұғалімдер арасында айтыс алғаш рет ұйымдастырылып жатыр. Бұрын айтысқа қатыспаған ұстаздар да бар екен. Бірақ, енді екі сөздің басын құрап, төрт шумақ өлең айта алмайтын қазақтың баласы жоқ қой. 01:08 Жақсы деңгейде болады деген сенім бар.


Айтысқа барлығы 10-ға жуық ұстаз қатысты. Оның ішінде қазақ тілі және әдебиеті, музыка, дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері бар. Ұлттық өнерді насихаттайтын мұндай бәйге енді аудандар мен ауылдарда да өткізілмек.


ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, АЙТЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

- ҚР Оқу – ағарту министрлігінің «Төрт өнер, төрт тоқсан» жобасы былтырғы жылдан бері іске асып келе жатыр. Сол тоқсанның бір тоқсаны айтысқа арналған. Яғни, мектепте білім алаптын оқушыларға – қазақтың айтысөнерін дәріптеу. Балаларды көп тарту үшін, ұстаздарды көптің алдына шығарып, олардың сан қырлы, білімді, білімнен тыс өнерлі, айтыса алатындығы көрсету үшін айтыс өткізіп жатырмыз.


Облыстық деңгейде топ жарған ақын мұғалім алдағы уақытта республикада өңір намысын қорғамақ