Қарттықты құрметтеу және үлгі тұту. Зейнеткерлердің сіңірген еңбегін, мемлекеттің дамуына қосқан үлесін атап өту белгісі ретінде Қазақстанда жыл сайын Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Мерекеге орай Достық үйінде «Сағындырған әндер-ай» ретро-концерті өтті.


Мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шара кіреберістен басталды. Қонақтарға тәттілер мен естелікке күнтізбелер таратылды.


ДАРИҒА СМАИЛОВА, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ СҚО ӨКІЛДІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Бүгінгі іс-шарада біз 100 шақты адамды қамтыдық деп айта аламын. Біздің ретро-концертімізде тек қана өлеңдер шырқалмайды. Содан кейін бізде викторина бар. Караокеда бірге ән шырқаймыз.


Кешке ардагерлер ұйымдарының өкілдері, қоғамдық өмірге белсенді қатысып жүрген зейнеткерлер шақырылды. Олардың құрметіне бүгін жастық шақтарындағы танымал ретро-әндер де шырқалды, би де биленді.


АЛМА МАХАМЕТОВА, ЗЕЙНЕТКЕР:

-Бүкіл зейнеткерлер, үлкен ұжымдағы зейнеткерлер бәріміз жиналдық. Осы концертті көрейік деп жиналдық. Бұл концерттің мағынасы да зор.  Біз 70-80 жылдардағы әндерді өте ұнатып тыңдаймыз. (0:55-01:12) Жиі-жиі болып тұрса, біз өте ризамыз. Өйткені, ұғымы да, түсінігі де мол, сөздері анық.


Іс-шара барысында ұйымдастырушылар асыл қарияларға алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.