Саналы өмірін бала оқытуға арнаған ұстаздар әулеті. Петропавлдағы Долдина отбасының білім білім беру саласындағы жалпы өтілін қосса 230 жылға жуықтайды. Мереке қарсаңында тілшілеріміз ата жолын жалғаған білікті мамандармен тілдесіп қайтты.


Сәния Долдина- бастауыш сынып мұғалімі. 27 жылдық жұмыс өтілі бар маманның арғы атасы, әкесі де ұстаз болған. Ал отбасында 6 бала болса, соның 4-еуі қазір шәкірт тәрбиелеп жатыр. 


СӘНИЯ ДОЛДИНА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ:

- Атам Нәби Жағыпарұлы Ұлы Отан соғысына қатысқан. Берлинге дейін барған. Капитан болған. Ол кісі тарих пәнінің мұғалімі. 40 жылдық өтілі бар. Сонда біз 4 ұрпақ бойынша келе жатырмыз.Бүгінгі таңда жиеніміз жалғастырып келе жатыр.


Ұстаздықты таңдаған 4 апалы-сіңлінің 2-еуі бір мектепте жұмыс істейді. Алмагүл Назарова да - бастауыш сынып мұғалімі. Шәкірт тәрбиелеуде 38 жылдық еңбек өтілі бар білікті маман әр ұстаздың бойында ең алдымен балаға деген махаббат болуы керек деген пікірде.


АЛМАГҮЛ НАЗАРОВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ:

- Бір айта кететіні, біз бір-бірімізді оқытқан адамдармыз. Мен мысалы әкемнен 1-ші сыныпта білім алдым. Одан кейін әпкемле сіңілім оқыды. Осында көп жылдан бері әріптес болып келе жатқан сіңілімде менің үлкен қызым оқыды. Осылай-осылай жалғасып келе жатыр. Ендігі кезек немерелерімізде. Осындай ұрпақ жалғастығы бола берсін деген тілектемін.


Айта кету керек, қазір қос маман да оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, олардың бойларына ұлттық құндылықты сіңіруді өздеріне міндет етіп алған.