27 қыркүйек – Халықаралық туризм күні. Қазақстанның ТОП-10 туристік бағытына кіретін Имантау-Шалқар курорттық аймағына былтыр 95 мың демалушы келген. Биыл бұл орын 100 мыңнан астам туристі қабылдауды жоспарлап отыр.
Айыртау ауданында туризм саласын дамытуға басымдық берілген. Мұндағы жол мәселесі біртіндеп шешіліп жатыр. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 14 шақырымды құрайтын 5 жол жөнделіп жатыр. Жоба құны – 1 млрд 206 млн теңге. Құрылыс қазан айында бітеді деп жоспарланған.
АМАНБЕК МАХМЕТОВ, АЙЫРТАУ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
- Биыл жоспар бойынша 5 жолға қаражат бөлінді. Ол Арман, Тұрпан, Сокол, Олимпейц және дом Матери ребенка нысандарына жол тартылады. Келесі 2025 жылға тағы да 14 шақырымға 6 туристік нысанға жол тартылады.
Жалпы, Айыртау ауданы демалыс орындарымен ғана емес, тарихи жерлерімен, құнды ескерткіштерімен өте танымал.
АМАНБЕК МАХМЕТОВ, АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
- Бізде қазір Ботай қонысына апаратын 2 жол қарастырылған. Қаражат 2025 жылы бөлінеді жоспарланып отыр.Сметалық құжат дайын. 03:50 Әрине, бұдан басқа қала берді 10 туристік нысан өздерінің жөндеу жұмыстарын өткізіп жатыр.Солардың ішінде, инвестициялық инновациялық үлкен бір жобамыз, құны 1 млрд теңге тұратын ол Шалқар Су санаториясы. Онда 3-4 қабат болатын, үлкен ресторан іске қосылады деп күтілуде. 2025 жылы қалған ынсандарын іске қосады.
Айта кетейік, 2023 жылы Көкшетау мемлекеттік ұлттық паркі арқылы 22 жер учаскесі бөлінген. Алдағы 2-3 жылдың ішінде айыртау ауданында тағы жаңа 22 демалыс орны құрылады.