«AMANAT» партиясының БАСТАМАСЫМЕН ҚҰРЫЛҒАН ХАЛЫҚ ШТАБЫ МҮШЕЛЕРІ ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл жолы іс-шара Петропавл металлқұрылым зауытында ұйымдастырылды. Кездесу барысында жұмысшыларға алдағы референдумның маңызы айтылды.


Энергия қуаты тапшы заманда ешкімге тәуелді болмау маңызды. Бүгінгі басқосуда атом энергетикасыың маңызы мен артықшылықтары талқыланып, атом электр стансасының тұрақты даму мен ел экономикасына тигізер пайдасы сөз болды. Сондай-ақ, экология және қауіпсіздік мәселесі де шет қалмады. Ел тұрғындарының басты сауалына нақты жауап берілді.


АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «БОЛАШАҚ» ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

- Біздің өңірлік штаб күнделікті әртүрлі сала мамандарымен түсіндіру жұмыстарын өткізеді. Бүгін де 50-ге жуық адамның басын қосып отырмыз. Егер облыс бойынша алып қарайтын болсақ бүгінгі дейін 20 мың адамды қамтитын жиын өткіздік. Экологияға қатысты сұрақ көп қойылады. Біз бұл сауалдардың жауабын мейлінше түсіндіріп берудеміз.