Петропавлда Ресейдің Пятигорск қаласынан әкелінген тондардың сатылымы болып жатыр. Сырт киімдерді 20 ықшам аудандағы сауда орталығынан барып көруге болады. Сатылым қыркүйектің 25-нен қазан айының 15-іне дейін жалғаспақ.
Облыс орталығының тұрғындары үшін Пятигорсктің "Бевер" атты фабрикасынан 500-ден астам тон әкелінген. Көздің жауын алатын сырт киімдердің арасында қоңыр, қарадан бөлек ерекше түстердегі тондарды да көресіз. Қыз-келіншектер ұнағанын таңдап ала алады, өлшемдері бар.
ЕЛЕНА НЕМЦУРОВА, САТУШЫ-КОНСУЛЬТАНТ:
- Бізде өте үлкен таңдау. Күзен мен мутоннан жасалған комбинациялар өте көп. Өлшемдері 38-ден 68-ге дейін. Яғни, қыз-келіншекге кез-келген сырт-киімнің ұнағанын өлшемі бойынша таңдап бере аламыз.
Дүкенде зейнеткерлерге қосымша жеңілдік бар. Сондай-ақ, тұрғындар ескі тонды тапсыру арқылы жаңа тонды сатып алуға 100 мың теңге жеңілдікке ие бола алады. Дүкенде ішіктерден бөлек әйелдер мен ерлерге арналған бас киімдер де сатылып жатыр. Айта кету керек, мұнда тұрғындар үшін бірнеше айға бөліп төлеуге алу қарастырылған.
ЕЛЕНА НЕМЦУРОВА, САТУШЫ-КОНСУЛЬТАНТ:
- Сондай-ақ, бізде бас киімдер бар. Олар күзен, түлкі терісінен жсалған. Таңдау жеткілікті. Киімдердің барлығы жоғары сапада тігілген. Әртүрлі жеңілдіктер де қарастырылған.
Айта кетейік, қыз-келіншектің сәнін келтіретін тондарды тұрғындар Шоқан Уәлиханов көшесі 15А мекенжайынан, "Изюминка" дүкенінің қасындағы сауда орнынан таба алады.