Прокуратура органдары оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыру бағдарламасын іске асыруға бөлінген мемлекеттік қаржының жұмсалуына талдау жүргізді. Нәтижесінде, 1 млрд теңгеден астам қаржының қолды болғаны анықталды. Бюджеттен бөлінген қаржы дұрыс игерілмеген. Қоныс аударушылар болып жалған адамдар есепке алынған. Ал құжаттар төмен бағамен сатып алынған, тұруға жарамсыз және апатты ғимараттарға рәсімделген.


Ал, Мамлют ауданында қоныс аударушы үйдің нақты бағасы мен мемлекеттен төленген қаражаттың арасындағы айырмашылықты иемденіп алған. Күдікті алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығы шектелді. Жалпы, прокурорлар 20 іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу барысында қатысы бар барлық адамды анықтау, оларды жауапкершілікке тарту, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу шаралары қабылданып жатыр.