Облыста арнайы құрылған халық штабы өз жұмысын жалғастырып жатыр. Қоғам қайраткерлері мен депутаттардан құралған топ өңір тұрғындарына Президент Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіреді. Мұндай кезекті кездесу "БЭСТ" гимназиясында да ұйымдастырылды.
Мектеп ұжымымен атом электр станциясын салу мәселесі, жобаны іске асыру кезеңдері және қауіпсіздік мәселелері бойынша әңгіме өрбіді. Штаб мүшелері алдағы референдумның маңыздылығын түсіндіріп, ұстаздармен пікір алмасты. Жалпы, заман қарыштап дамыған сайын адамзат баласының қажеттіліктері күн сайын артаып келеді. Президент жолдауында айтылғандай, баламалы энергия көздерін пайдалану күн тәртібінде тұрған басты мәселердің бірі. Сондықтан, референдумның маңызын сан салада қызмет атқаратын ел тұрғындары түсінуі тиіс.
СӘУЛЕ СҰРАҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ:
- Әрине, біз сарапшы емеспіз. Десе де, ғалымдар мен мамандардың пікірін зерттедік. Ұққанымыз бен білгенімізді қарапайым халыққа жеткізуге тырысамыз. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы бойынша халық өз тілегін білдіруге құқылы. Өткізілген кездесулерде халық барлығын қалыпты жағдайда қабылдап жатыр.