Атом электр стансасын салу – қуат көзін өзімізде өндіріп, көрші елдерге тәуелді болудан арылудың бірден бір жолы. Сонымен қатар, энергия өндірісі, инфроқұрылымды дамытуға және жұмыс орындарын ашуға зор мүмкіндік береді. Бұл өңірлік халық штабының мүшесі, әрі жергілікті университеттің профессоры Андрей Солодовниктің пікірі.


Атом электр стансасы бойынша экологиялық мәселе халық арасында жиі алаңдатушылық туғызатыны жасырын емес. Алайда астрофизик Андрей Солодовник тұрғындарға одан қорқудың еш қажеті жоқ екенін айтады. Керісінше дамыған елдерге көз салып, ой түюіміз қажет. Себебі, АЭС бар мемлекеттердің қайсын алып қарасақ та олар осы арқылы өз қажеттіліктерін шешіп отыр. Алдағы уақытта халық саны өскен сайын электр қуатына да сұраныс артатыны түсінікті. Сондықтан, бұл жобаның маңызын әр ел тұрғыны ой елегінен өткізуі керек дейді оқытушы.


АНДРЕЙ СОЛОДОВНИК, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ПРОФЕССОРЫ:

- Табиғи отынмен жұмыс істейтін электр станцияларының ішіндегі ең қауіпісізі- газбен жұмыс істейтіндері. Бірақ көмірқышқыл газы атмосфераға шығарылады. Ал турбиналар бумен жұмыс істейді. Қорқудың қажеті жоқ. АЭС-ы жеткілікті деңгейде дамыған. Сол себепті экологиялық көрсеткіштер бойынша олар энергия алудың басқа түрлерінен асып түседі.