Петропавлда өрт сөндірушілер арасында жарыс өтті. Қатысушылар өзара бәсекеге түсіп, «Үздік газ-түніннен қорғаушыны» анықтады. Жалпы, сайысқа облыс аудандарынан келген 80-астам маман қатысты.
Өрт сөндіруші – қауіпті мамандықтардың бірі. Олардың жұмысы адам өмірін құтқарумен байланысты. Сондықтан, әр минут, тіпті, кейде секунд маңызды. Осы орайда, өңіріміздің 13 ауданынан келген мамандар өздерінің біліктіліктерін тағы бір дәлелдеп, тартысты сайыс өткізді.
НИКОЛАЙ БЕЛОУСОВ, СҚО ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Жарыстың мақсаты - газ-түтіннен қорғаушылардың дағдыларын жетілдіру, қабілеттерін одан әрі шыңдау. Құтқарушылар бірнеше кезең бойынша сынға түседі. 1 кезеңде, Қатысуышылар ғимараттың 18-ші қабатына көтерілуі керек. Кейін кроссфит бойынша өзара мықты анықталады. Сосын олар от жолағынан өтуі тиіс. Келесі кезең ол - жылу түтін камерасы. Оның ішінде электр тоғын сөндіріп, адамды құтқаруы керек.
Жарыс 4 кезеңнен тұрды. Владислав Рублев бұл сайысқа 2-ші жыл қатарынан қатысып жатыр. Былтыр 4-орынды иеленген екен.
ВЛАДИСЛАВ РУБЛЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ №5 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:
- Сайыстар әрине, қиынға соқты. 12 қабатқа дейін оңацй көтерілдік. Кейін шаршаңқырап қаласың. Бірақ, шыдауға тиіссің. Біздің бұл ЖАРЫСТАғы киімдеріміз жұмыста киетін киімдермен бірдей. Ал, тыныс алу аппаратының салмағы әлдеқайда жеңіл болды.
Сайыс соңында қатысушылар бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.