Биыл Қазақстан Конституциясының қабылданғанына 29 жыл. Осы уақыт ішінде Ата Заңымыз бірнеше рет өзгеріп, толықтырылды. Соңғы рет 2022 жылдың 5 маусымында халық құқығын пайдаланып, Конституцияға өзгерістер енгізу туралы өткен референдумға қатысты. Жалпы ұлттық рферендумда қазақстандықтар Ата заңымызға елуден астам өзгеріс енгізу үшін өз дауыстарын берді.
Елімізде халық Конституцияға сәйкес конституциялық құқықтық қатынастың субъектісі ретінде қандай жағдайда болмасын әрекет ете алады. Ата Заңда «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп көрсетілген. Қазақстан халқының билікке араласуының негізі де осы норма да айтылады. Елімізде халық бұл құқығын қолданды, республикалық референдум арқылы Қазақстан Республикасы президентінің өкілеттік мерзімін ұзартты және қолданыстағы Конституциямызды да осылайша қабылдады.
БОЛАТ ДАНИЯРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ СҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Қазақстан тарихында біз басқарудың ескі моделінен, ескі саясатынан қазіргі басшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен жаңа кезеңге аяқ бастық. Жаңа Конституция азаматтарға елдің саяси өміріне белсенді араласуға, кандидатты өздері таңдап және өз құқықтарын жүзеге асырудың механизмдерін таңдауға құқық берді.
Азаматтар дауыс берген негізгі аспектілер билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті анықтауға қатысты болды. Осылайша, Президенттің өкілеттіктерінің бір бөлігі биліктің заң шығарушы тармағына, яғни Парламентке берілді. Сәуле Ахан әйелдер арасындағы саяси көшбасшылық бойынша жаттықтырушы. Оның пікірінше, енгізілген түзетулер халық үніне құлақ асатын мемлекет жүйесін құруға көмектесті.
СӘУЛЕ АХАН, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, КӘСІПКЕР:
- Мәслихатқа, Мәжіліске сайлау болған кезде оған қатысуға көптеген әйелдер ұсыныс жасады. Яғни, қыз келіншектер белсенді бола бастады. Сол арқылы олар өз білімдерін шыңдап, өз ойларын ашық жеткізе бастады. Керемет сөз бар ғой: «Сен ұлды тәрбиелегенде, жақсы азаматты өсіресің. Ал, қызды тәрбиелегенде бүкіл ұрпақты тәрбиелейсің», - деген.Біз үшін әйелдердің батыл болып, қоғамда, саясатта өз орнын таба алуы аса маңызды.
2022 жылы ҚР Конституциясына енгізілген негізгі өзгерістердің бірі -Конституциялық Соттың құрылуы болды. Сондай -ақ Президенттің жақын туыстары саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субьектісі басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ.
Дариға Қуанар