Биыл интернет алаяқтық кесірінен өңір тұрғындары 450 млн теңгеден айырылыған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға артық. Бұл туралы облыс прокуроры Қайрат Әбдіхановтың қатысуымен өткен алқа отырысында айтылды.
Облыста алдын алу жұмыстары жүргізілгенімен интернет-алаяқтық фактілері азаяр емес. Өңір прокурорларының айтуынша, жыл басынан бері өңірде осындай 456 қылмыс тіркелген.Бірақ оның 47-ғана сотқа дейін жеткен.
МАКСИМ ДОРОВИК, СҚО ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
- Интернет алаяқтық қылмысы артып келеді. Күн сайын осындай 3 факт тіркеледі. петропавл, Айыртау, Ақжар, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар және Тайынша аудандарында алаяқтардың құрығына ілініп жатқандар көп. Бірақ қылмыскерлер жазасыз қалып отыр. Мысалы полицейлер «ХайТек» және «Анти-Форд» аясында 76 істің ашылғаны туралы есеп берді. Бірақ оның 27-і тоқтатылған.
Қазіргі таңда өңірде интернет алаяқтық қылмысының тек 16 пайызы ғана ашылады. Қазір тіпті жәбірленушілер дәлелдерді өзі жинайтын болған бірақ полицейлер істі тоқтатып, оны толық тергеуге құлықсыздық танытады .Құқық қорғау органдарының айтуынша, бұған себеп қаскөйлердің басқа мемлекетте болуы. Сонымен қатар, жаңа хакерлік қосымшаларды қолдануы. Осыған байланысты қылмыскерді анықтау қиын.
ҚҰРМАНҒАЛИ ЫСМАҒҰЛОВ, СҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
- Қылмыскерлер жымқырған ақша бірден шетелдік шоттарға аударылады. Бізге жәбірленушілер орташа есеппен тек 3 күннен кейін келеді. Ал бұл тым кеш. Қаскөйлер көбінесе шетелде отырып дропперлерді қолданады яғни, Қазақстандағы бір азаматпен телеграм месенджері арқылы келіседі. Осыдан кейін оның банк картасына ұрланған ақша түседі, оның 10 пайызын өзінде қалтырса қалғанын шетелдік шотқа аударады.
Талқылау және пікір алмасу нәтижесінде азаматтарды қаржылық алаяқтықтан қорғау мақсатында уәкілетті органдарға ұсыныстар енгізілмек.