Лудомания– қоғам дерті. Себебі, жыл санап елде ойынқұмарлыққа тәуелді жастардың саны артып келеді екен. Ресми ақпаратқа сүйенсек, өткен жылы Қазақстан халқының 13 пайызы аталған дертке шалдыққан. Соның ішінде облысымызда да лудомандар қатары көбейген.
Өңір психологтарының мәліметінше ойынқұмарлыққа тәуелді жастардың көбі студенттер. Яғни, 20 -25 жас аралығындағы жастар.Оған себеп, қазіргі уақытта түрлі ойын апараттары мен қаржылық ұйымдардың барлығы қолжетімді. Лудомания дертінің белгілері де бірден көзге көріне бермейді. Сол себепті оны емдеуге келетін жандардың қатары аз. Жалпы облыста осы мәселе бойынша жылына психолог маманға 2-3 ғана адам жүгінеді екен.
МАРИНА ШАКУБАЕВА, ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХИАТР-ДӘРІГЕРІ:
- Біздің өңірде лудомания дертіне шалдыққан тұрғындар есепте тұрған жоқ. Стационарлы ем алып жатқан жандар да жоқ. Бірақ ол мәселемен бізге жүгінетін адамдар аз емес.Біз оларға көмектесіп, қолдау көрсетеміз. Жалпы бұл дертке шалдыққандардың көбі жасөсіпрімдер, жастар болғандықтан олардың ата-аналарымен сөйлесіп, балаларының телефонда көп отыруға болмайтындығын, оны бақылауда ұстау керектігін айтамыз.