2024 жылдың басынан бері Қазақстанда шағын және орта бизнес секторында тіркелген компаниялар санының айтарлықтай өскені байқалады. Соңғы мәліметтер бойынша елімізде тіркелген Шағын Орта Бизнес субъектілерінің саны 2,2 миллионға жеткен. Бүгінде осы арқылы 4 миллионнан астам адам жұмыспен қамтылып отыр. Осындай табысты ынтымақтастықтың мысалы ретінде «Далангер» наубайханасын айтуға болады.
«Далангер» ЖШС 17 жылдан бері Петропавл тұрғындарын фирмалық нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерімен қуантып келеді. Мұнда ұнның әртүрлі түрлерінен нан өнімдерінің түр түрі шығарылады. «Далангер» ЖШС нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, бәліштер, майлы-ашытқылар, суфлелер, және түрлі салмасы бар орамдарды өндіруге маманданған. Барлық өнімдер пісірілген өнімдердің бірегей дәмін, балғындығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қатаң сапалық бақылаудан өтеді. Өткен жылы «Далангер» серіктестігінің басшылығы «Нұрбанк» АҚ-нан несие рәсімдеп, заманауи өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алған. Жаңа технологияның арқасында кәсіпорын өнім көлемін ұлғайтып, жоғары сапалы кондитерлік тағамдардың жаңа түрлерін шығаруды жолға қойды.
САРА ТЮЛЕБАЕВА, «ДАЛАНГЕР» ЖШС НАУБАЙХАНАСЫНЫҢ ТЕХНОЛОГІ:
- 2023 жылы біз наубайханамызға құрал-жабдық алу үшін Нұрбанк АҚ 49 миллион теңге көлемінде несие алдық, сонымен қатар айналым қаражатын толықтыру үшін 100 миллион теңгеден астам сомаға екінші несие желісін аштық. Кредит мөлшерлемесін «Даму» Қоры субсидиялады, бұл бізге төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен қарыз алуға және оның алу құнын төмендетуге мүмкіндік берді. Болашақта біз сенімді серіктесіміз – Нұрбанк АҚ-мен ынтымақтастығымызды жалғастыруды жоспарлап отырмыз.
Наубайхананың өндірістік бөлімшесі қаладағы ірі сауда орталықтарының бірінде орналасқан. Цехтың үздіксіз жұмысын тәжірибелі наубайшылар тобы қамтамасыз етеді, олардың көпшілігі компания құрылғаннан бері осында жұмыс істейді. Сауда кешенінің бөлімдеріне жаңа пештен шыққан ыстық нан, сондай-ақ кондитерлік өнімдер жеткізіледі. Дайын өнім Петропавл қаласындағы басқа да сауда орындарының сөрелерінен табылады.
«Нұрбанк» АҚ Петропавл қаласындағы филиалы қала үшін әлеуметтік маңызы бар нысанды қолдау мақсатында «Далангер» ЖШС-нің өндірістік цехтарын қаржыландырған. Кредит мөлшерлемесін «Даму» Қоры субсидиялады.
АБЗАЛ СЕЙФУЛЛИН, «НҰРБАНК» АҚ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Нұрбанк АҚ клиенттерге субсидияланған мөлшерлеме бойынша қаржыландыру алу мүмкіндігін ұсынып, мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысады. Біз жұмыс істеп тұрған бизнесті қолдау, кеңейту, айналым қаражатын инвестициялау және толықтыру мақсатында ШОБ субъектілеріне кредит береміз. Клиенттермен ұзақ мерзімді іскерлік қарым-қатынастар біз үшін басымдық болып табылады. Сондықтан біз мүлдем басқа санаттағы клиенттерге жеткілікті көңіл бөлеміз, біз клиентке ынтымақтастық үшін ең қолайлы жағдайларды ұсынуға тырысамыз және онымен бірге несиеге қызмет көрсетудің оңтайлы жолдарын таба білеміз. Клиенттеріміздің көпшілігі Нұрбанкпен бизнес бастады, біздің қызметтерді тұтынуды жалғастыруда және қызметтер мен өнімдер алу үшін бізге үнемі жүгінеді.
Нұрбанк АҚ Петропавлдағы филиалы 2005 жылы ашылды және банктік қызметтердің толық спектрін ұсына отырып, Солтүстік Қазақстан облысында өзін дамытуды жалғастыруда. Петропавл қаласындағы филиал қызметінің негізгі қаржыландырылатын бағыттары: ауыл шаруашылығы, құрылыс, жүк тасымалы, дәріхана сынды қызмет түрлері.
«Нұрбанк» АҚ-ның ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылдың 3 ақпанындағы №1.2.15/193 лицензиясы бар