3-ші тамыз күні Париж олимпиадасында топтық тас жол веложарысы өтТІ. Оған біздің жерлесіміз,велошабандоз Алексей Луценко да қатысты.
Веложарыс қашықтығы 272 шақырымды құрады. Алексей Луценко жарысты жақсы, әрі сенімді бастады. Тіпті ұзақ уақыт бойы жетекші топта болды. Бірақ мәре сызығына 70 шақырымдай қалған кезде оның тобын пелотон қуып жетті. Ары қарай бельгиялық және франциялық велошабандоздар жылдамдықтарын үдетіп алға шықты. Бұдан кейін бұл екі спортшыны ешкім қуып жете алмады. Жарыс қорытындысы бойынша 24 жастағы Бельгиялық Ремко Евенпул екі дүркін олимпиада чемпионы атанды ал Валантен Мадуа күміс медальды қанжығасына байласа, оның әріптесі. француз Кристоф Лапорт қоланы қанағат тұтты. Жерлесіміз Алексей Луценко болса жарысты 52 орында аяқтады. Ол көшбасшыдан 7 минут 23 секунд қалып қойды.
ЕЛЕНА ЛУЦЕНКО, АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКОНЫҢ АНАСЫ:
- Алексей үшін қатты алаңдадым. Ең бастысы оның жарысты аман-есен аяқтағанына қуаныштымын. Әрине ол әлі бізді қуантады деген сенімдемін. Париждегі олимпиадаға Алексей көп дайындалды, көп күтті. Бірақ, бұл - спорт. Жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Балам бұған дейін жарақат алып қалған еді , бірақ соған қарамастан ол намысқа тырысып жарыс жолына шықты. Өткен екі олимпиадаға да Алексей жарақатына байланысты бара алмады. Не де болса біз оның алтын алатынына әлі сенеміз және қолдау көрсетеміз.