Аққайың ауданы Смирнов ауылында сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер әлеуметтік нысандарды аралап, жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасына мониторинг жасады. Тексеріс барысында бірнеше кемшілік табылды.
2022 жылы Смирнов ауылының стадионында екі жылға шақталған жөндеу жұмыстары басталған. Сметалық құжатқа сәйкес жоба құны- 150 млн теңгені құрады. Келісімшарт «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны» мердігерлік ұйымымен жасалған. Қазіргі таңда жұмыс аяқталДЫ.
ДАНИЯР ҚОЖИН, СМИРНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Жөндеу барысында трибунадағы материалдар ауыстырылды. Жүгіру жолына арнайы белгілер сызылды. Сондай-ақ, 600 орындық қойылды. Биіктігі 4 метр болатын 18 шам орнатылды. Стадионды толық жарықтандыруға қуаты жетеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер барған екінші нысан - ауылдағы саябақ. Мұнда 2022 жылы үш жылға шақталған, құны 183 млн теңге болатын жоба аясында жұмыстар басталған. Қазіргі таңда саябақта концерттік сахна, орындықтар, шамдар ижәне беседкалар бар.
ЖАНДОС ТАСТАНБЕК, «КАПИТАЛ СТРОЙ ФОРУМ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Бүгінге күнде саябақтағы жұмыстардың 90 пайызы бітіп қойды. Брусчатка және асфальттің бірінші қабаты төселіп қойды. Енді жұмыстарды жылдың аяғына дейін тапсыру керек едік. Бірақ, біз қыркүейк айында тапсырамыз деп ойлаймын.
Смирнов мектеп-гимназиясы ғимаратын күрделі жөндеуге "Заңғар-LTD" ЖШС биылғы жылдың 27 мамырында кіріскен. Бұған 121 млн теңге бөлінді . Қазіргі уақытта білім мекемесінде жылу, электр жүйелері ауыстырылып, терезелер орнатылды.
НАТАЛЬЯ ШУЛЬЦ, СМИРНОВ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- 25 тамызға дейін біз барлық жұмыстарды аяқтауымыз керек.Бізге қазір ауланы абаттандырамыз,төсеніш төсейміз. Бұлда біздің жұмысымызға кіреді.
Мониторинг барысында кемшіліктер анықталып, үш нысан бойынша акт толтырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер жұмыстарды сапалы орындау және объектілерді белгіленген мерзімде тапсыру бойынша бірқатар ұсыныс берді.
РУСЛАН АСАУБАЕВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІРІНШІ МЕДИА-ОРТАЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ:
- Бірінші нысан, яғни, стадионда біз алаңның кейбір жерлері жыртылғанын көрдік. Ал күрес залында еден нашар. Мердігер компания бұның барлығын дұрыстау керек. Бұдан кейін біз саябаққа бардық. Қазіргі уақытта ол жерде әлі де жұмыстар атқарылып жатыр. Біз бұл нысанды ары қарайда бақылайтын боламыз. Ал мектепте техникалық қадағалаудың жоқтығын көрдік.
Айта кетейік, мұндай іс-шара Шал ақын мен Мамлют ауданында да өтеді.