Қазақстанда «Медиация туралы» Заң 2011-жылы 28- қаңтарда қабылданып, 13 жылдан бері елімізде жүзеге асырылып келеді. 5 тамыз – медиация күні. Осыған орай облыстық ҚХА-да медиация кеңесінің отырысы өтті.
Іс-шараға түрлі сала өкілдер қатысып, күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді оңай әрі тез шешу амалдарын талқылады. Жалпы, медиация дегеніміз – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу. Жалпы облыстық ассамблеяда медиация кабинеті 2020 жылы ашылған. Биыл 20 маусымда бұл кабинет орталық болып қайта құрылған. Жыл басынан бері тұрғындармен, түрлі сала өкілдерімен ассамблея медиаторлары 15 кездесу өткізді.
ИНЕССА ҚУАНОВА, МЕДИАТОР:
- Біздің облыста медиация жақсы сұранысқа ие деп мақтана алмаймыз. 10 жылдан бері заң болғанымен өңір тұрғындарының көбі бұл заңның не туралы екенін түсінбей жатады. Бірақ бізге яғни медиаторлардың көмегіне жүгінетіндер де баршылық. Бірақ арнайы статистика жүргізілмейді.